Республикалық бюджеттік комиссия ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2010 жылға арналған бюджеттің болжамының нақтыланған параметрлерін қарастырды
16:49, 04 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалық етуімен Республикалық бюджеттік комиссияның (РБК) отырысы болып өтті,
деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
РБК мүшелері Республикалық бюджеттік комиссия ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2010 жылға арналған бюджеттің болжамының нақтыланған параметрлерін, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасын қарастырды.