Румыния Президенті Қарағанды облысына сапар жасайды

None
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Елімізде ресми сапармен жүрген Румыния Президенті Траян Бэсеску бүгін, наурыздың 3-і күні Қарағанды облысына қысқамерзімдік сапар жасайды деп күтілуде.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Румыния Президенті Спасск мемориалдық кешеніне барып, онда 1941-1950 жылдары Қазақстан жерінде жерленген румындық әскери тұтқындардың ескерткіш белгісіне гүл шоқтарын қоймақ. Одан кейін Қарағандыда румындарының «Дакия» облыстық қоғамының белсенділерімен кездесу жоспарланып отыр.

Спасс мемориалдық кешеніндегі румын әскерилеріне арналған ескерткіш белгі 2003 жылдың қыркүйек айында орнатылған болатын. Оның ашылу рәсімі Румынияның сол кездегі президенті Ион Илиескудің қатысуымен өткен еді.

Қарағанды облысында бүгінде 3,5 мыңнан астам этникалық румын тұрады.