«Сағып» шаруа қожалығында қымыз шығару өндірісі құрылды
деп хабарлайды Павлодар әкімінің баспасөз қызметі.
«Төрт жыл бұрын «Сағыпта» небәрі үш бие ғана болатын, бірақ мал басы өсіп, жеке тұрғын үйдің ауласы тар болып кетті. Үлкен базаны салу үшін мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 50 млн. теңге несие алдым», - дейді Телеу апа.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында Т. Құшманова банктен үш жылға небары жеті пайызбен ақша алды.
«Қазір менде 200 жылқы бар, тәулік ішінде шаруашылық цехында 300-400 литр қымыз өндіріледі. Үш гектар жерді мен өзімнің жеке қаражатыма алдым, Жаңа жылдан кейін мал соятын цехты сала бастаймыз», - дейді кәсіпкер әйел.
Өнімді сатуда қиындықтар жоқ, тұрақты клиенттер пайда болды. Бүгінде «Сағыпта» қымыздың үш түрі өндіріледі, сауда кәсіпорындарымен сусынды бөлшектелген желі арқылы сату келісілген. 2012 жылдан бастап қожайын әйел сұраныс білдірген барлық жанға қымызды үйге әкеліп беруді ұйымдастыруды жоспарлап отыр.