Сәкен Қаныбеков Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

None
ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Сәкен Қаныбеков Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Бұл туралы өкімге облыс әкімі Асқар Мырзахметов Президент Әкімшілігі басшысының келісімі негізінде сәуірдің 5-і күні қол қойды.

С.Қаныбеков 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Георгиевка селосынд туған. Қазақтың ауыл шаруашылығы институтын, А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген, мамандықтары - агроном-ғалым, экономист. Әр жылдары коммерциялық құрылымларда басшылық қызметтер, Шардара мақта зауытының директоры, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары, Ордабасы ауданының әкімі болған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Президент Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру бөлімінде жұмыс істеген.

Ал облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Уәлихан Қайназаров Сайрам ауданына әкім болып тағайындалды.