Саламатты Қазақстан пойызы: Павлодарда 2 500-ға жуық адам дәрігерлік тексеруден өтті

Фото: Александр Павский/ Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Павлодар облысының шалғайда орналасқан 6 елді мекенін аралап шыққан.

Барлық медициналық қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін көрсетілді.

– Пойыздың медициналық бригадасы Шідерті, Майқайың, Спутник, Шарбақты, Көктөбе, Жұмыскер ауылдарында болып, жалпы саны 2445 адамды медициналық тексеруден өткізді. Оның 1 109-ы – бала. Ауыл тұрғындары арнайы мамандардың қабылдауында болып, медициналық ақыл-кеңестер алды, заманға сай диагностикалық зерттеулерден өтті. Барлық қызмет түрі тегін көрсетілді, - деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасынан.

Дәрігерлер 139 адамның тісін тегін жұлып, 10 адамға шағын хирургиялық оталар жасаған.

Бұған дейін «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 123 ауылға баратыны туралы жазғанбыз.