«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі артуда

None
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елімізде жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі артуда, деп хабарлайды pm.kz сайты.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасында қарастырылған шаралардың аясында елімізде жоғары технологиялық медициналық көмекке деген қолжетімділік артып отыр. Ағымдағы жылы 98 осындай күрделі операция жасалды.

Атап айтқанда, 2011 жылы тірі донорлардан бүйрек алып салудың 13 операциясы жасалған (2009 жылы - 4 операция), жұлын миын аутологиялық трансплантациялаудың 7 операциясы, аорта тамырларын эндопротездеудің 6 операциясы жүзеге асырылған.