Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумының бағдарламасы бекітілді

None
nbsp;САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумының бағдарламасы және онда талқыланатын негізгі тақырыптар бекітілді.

Форумның бағдарламасы «Келешектің іргетасын қазірден қалай отырып» деген ортақ тақырыпқа біріктірілген үш негізгі тарауды қамтитын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумның ұйымдастырушы комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Әлемдік экономика: қалпына келтіруге басқару» деп аталатын бірінші тарауда дағдарыстан кейінгі жаңару, газ нарығының болашағы мен энергетика саласының келешегі туралы жарыссөз болады.

Ал екінші тарау дәстүр бойынша Ресейге арналады. «Ресей - бүгін және ертең» деген тақырыпты арқау еткен бұл тарауда елдегі инновациялық экономика, Сочи Олимпиадасы, т.б. басқа мәселелер талқыланады және «Ресейдегі жекешелендіру», «Инфрақұрылымдағы мүмкіндіктер», «Бюджет саясаты», «Көші-қон саясаты, еңбек нарығы», «Кеден одағы. Ол қалай жұмыс істейді» деген тақырыптарда брифингтер өтеді.

Ал үшінші тарау - «Болашаққа көзқарас» деп аталады және онда болашақ телекоммуникациялар, әскери сатып алулар, білім берудің жаңа модельдері, сондай-ақ «Ғарыш саясаттары», «Энергия үнемдеуші қала», Медиаконвергенция», «Сандық технология заманындағы кино», «Геномнан кейін» деген тақырыптар көтеріледі.

Естеріңізге сала кетейік, кезекті халықаралық экономикалық форум Петерборда маусымның 17-19-ы аралығында өтеді.