Сарапшы Қазақстанның баспана нарығындағы жағдайға қатысты пікір білдірді
«Қазір нарықтағы ахуал бұған дейінгі екі айдағы жағдайдан еш айырмашылығы жоқ. Келісімшарттар стандартты режимде жүргізіліп жатыр. Осы орайда бағаның күрт көтерілуі мен өзгеруі байқалмады», - деді Нина Лукьяненко ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында.
Оның айтуынша, қазіргі кезде ел бойынша айына 33-36 мың келісімшарт жасалып келеді.
Бұл тұрғыда ол таяу айларда тұрғын үй нарығында елеулі өзгерістер бола қоймайтынын айтты.
«Келісімшарттар саны айына ел бойынша 33-36 мың шамасында сақталуы мүмкін. Жаңадан енгізілген ипотекалық бағдарламалар өте шектеулі және қазіргі нарықтың үрдісіне айтарлықтай әсер етпейді. Егер жақын арада мемлекеттік органдар қолдау көрсету бағытында қадамдар жасамаса, нарықта елеулі өзгеріс болмайды», - деді Нина Лукьяненко.