Селден жапа шеккен тұрғындарға көмек қолын созған «Ұлттық Ұлан» әскерилеріне құрмет көрсету кеші өтеді - Алматы
Мерекелік кеш 18 қыркүйекте 11:00-де 5571 әскери бөлімінің клубында өтеді. Айта кету керек, 2015 жылдың 23 шілдесінен 27 тамызына дейін Ұлттық ұлан әскерилері Наурызбай ауданы Таусамалы, Қарғалы, Қарағайлы, Алғабас елді-мекендерінде орын алған төтенше жағдайлардың салдарын жою жұмыстарына қатысты. Аталған елді мекенде Ұлттық Ұланның 28237 әскери бөлімінің 300-ден астам жауынгері құтқару, апат салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Бір айдан аса уақыт ішінде әскерилер күшімен 160-тан астам адам құтқарылды, жалпы білім беретін мектептер мен әлеуметтік нысандар аумағынан жауынгерлер қолмен 10 мың тоннадан астам лай, көлікпен 29 мың тоннадан астам тасты лай-батпақ шығарды. Тұрғындарға 194 текше метр таза ауыз су жеткізіліп, жертөлелерден 600 текше метр лайлы су шығарылды.