Семей шаһарының жылу қазандықтары өте қауіпті жағдайда - ТЖМ
«Біздің техникалық қызметіміздің көзқарасы бойынша өте қиын жағдай Семей қаласында. Өйткені қазандықтардың кейбірі іске қосылмаған. Сонымен қатар көптеген қазандықтарды жөндеу жұмыстарын мамандандырылған ұйымдар атқарып отырған жоқ әрі олардың басым бөлігінің нормативтік мерзімі аяқталған», - деді ол.
Жалпы вице-министрдің атап өтуінше, ағымдағы жылы 672 қазандыққа жөндеу жұмыстары жоспарланып, 662-сі жөнделген. 10-ында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде, ағымдық режімде Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағындағы қазандықтар жөнделу үстінде.
Республика аумағындағы жағдайды министрлік бақылауға алып отырғандығын айтқан ол бұл күндері орталық жылу желілерінің жарылуы сынды оқиғалардың да орын алғандығын жасырмады. Дегенмен Төтенше жағдайлар министрлігі инспекторларының инженерлік-техникалық құрамы күндіз-түні жұмыс істеп, оқыс оқиғаның орнын алуын жоюға дайын тұр.