Сенат комитетінде «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды
14:41, 23 Ақпан 2010
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Одақтастық қатынастар негізіндегі екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған келісімді Қазақстан 2006 жылғы 9 қарашада ратификациялаған болатын.
Бұл хаттама осы келісім ұстанымдарын одан әрі жүзеге асыруға және Тараптарға үш жылдық кезеңге ынтымақтастық жөніндегі шаралар жоспарын қабылдауға мүмкіндік береді.
Заң жобасы палатада қарауға жіберілетін болды.