Сейсенбіде еліміздің көп бөлігінде жел күшейіп, жауын жауады
00:12, 24 Сәуір 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстіктің кей жерлерінде жаңбыр сақталады, шығыста жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман болып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Ақмола, Жамбыл, Атырау облыстарында, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.