Шиеліде құбырлар­ды өзара біріктіретін тетіктер шығарыла бастады

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Шиелі ауданындағы «Алтын бала - 08» жауап­кершілігі шектеулі серік­тестігі құбырлар­ды өзара біріктіретін тетіктерді шығара бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл өңірде мұндай тетіктер бұрын Алматы және Шымкент қалаларынан алдырылатын. Енді ондай қажет­тілікті кәсіпкер Жарқын Омаров басқаратын серіктестік өтейтін болды. Өткен бір айда ғана 1 млн. теңгенің өніміне сұраныс түсіп, тұтынушылар өтініші қанағаттанды­рылды.