ШҚО-ның апелляциялық сот алқасы жалған кәсіпкерге шығарған сот кесімін өзгеріссіз қалдырды
Бұған дейін Өскеменнің № 2 соты оны жалған кәсіпкерлік жасағандығы, әдейі банкроттығы және салықты төлеуден жалтарғаны үшін айыпты деп таныды. Кәсіпкер декларацияға кірістер мен шығындар туралы бұрмаланған мәліметтер енгізді, соның салдарынан аса үлкен көлемдегі салық төленген жоқ.
Қылмыстық іс материалдары бойынша, 2007 жылдың аяғында ол Өскеменде «Тасқам», «ҚазАстықСату», «Нитупн Бизнес», «Лайн-100», «КанБэн-Танс», «Тадор Плюс» сияқты бірнеше жалған кәсіпорындарды құрды. «Немесо Бизнес», «Ниага Дноф», «Жан Досым», «Шығыс-Агро-Трейд», «Кент-Тар» ЖШС-нің заңсыз қызметін жасырып, декларацияға олардың кірістері мен шығындары туралы әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы салықты төлеуден жалтарған. Осы арқылы салық төленбегендіктен, мемлекетке 962 088 398 теңге көлемінде аса ірі зиян келтірілді.
Бұнда қылмыстарын одан әрі жалғастыра отырып, осыдан кейін бұл азамат, «Ниагара Дноф» ЖШС және «Жан Досым» ЖШС-нің нақты жетекшісі бола отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында ірі көлемдегі салықты төлеуден жалтарғанын түсініп, осы деректердің анықталуын жасыру мақсатында екі кәсіпорынды әдейі банкротқа жіберді, делінеді сот түсініктемесінде.
Облыстық сотта атап өтілгендей, екі кәсіпорынға әдейі жасаған банкроттық салдарынан мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 455 020 188 теңге көлемінде зиян келтірілді.
Қазіргі кезде бірінші сатылы соттың үкімі өзінің заңдық күшіне енді.