Шүменов - Дортикос жекпе-жегі Қазақстанда көрсетіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші ауыр салмақта WBA әлем чемпионы белбеуі үшін Бейбіт Шүменов - Юниер Дортикостың титулды жекпе-жегі Қазақстанда көрсетіледі. 

Бұл туралы Шүменов өзінің инстаграм парақшасында хабарлады:

«Менің келесі жекпе-жегім 29 сәуір күні Лас-Вегаста өтеді және Fox Sports 1 телеарнасы трансляциялайды. Сондай-ақ, айқасты Қазақстан мен өзге мемлекеттерде де көрсетеді», - деп жазды ол.