Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық жүк жөнелтті

None
ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оықтушылары мен студенттері су басқан аудандарға гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұл аудандарға аттандырылған 1 тонна жүкте жылы киім, аяқ киім, сабын-кір жуу құралдары, мектеп оқушыларының керек-жарақтары бар.

Жоғары оқу орнының жастар саясаты орталығынан хабарлағанындай, жүк салалық азаматтық қорғаныс штабына жеткізіледі.

Оқу орындарының қызметкерлері бұған қоса ақша қаражаттарын жинауда - қазірдің өзінде олар зардап шеккендердің арнайы шотына екі миллион теңгеге жуық қаржы аударды.