Шығыс Қазақстанның тұрғындары көмексіз қалмайды - «Нұр Отан» партиясының хатшысы Сергей Громов

None
ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Басқа түсіп отырған сынақты, қиындықты бірлесіп жеңеміз,

деп мәлім етті «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының хатшысы Сергей Громов тасқын судан зардап шегіп отырған Шығыс Қазақстан ауылдарының тұрғындарымен болған кездесуде.

«Сіздердің қайғыларыңызға бүкіл ел болып үн қатуда. Барлық облыстарда партияның филиалдары ақша және жылы киім-кешек жинаумен айналысып жатыр», - деді С.Громов өз сөзінде.

«Біз халық үшін өмір сүреміз және жұмыс істейміз. Сіздерді және балаларыңызды қиын жағдайда қалдырмаймыз», - деді С.Громов өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бастаған үкімет тобы Елбасының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысында сапармен жүр.

Делегация құрамына «Нұр Отан» партиясының хатшысы Сергей Громов, Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокин, Парламент Мәжілісінің депутаты Валерий Досқалов, сондай-ақ «Қазына-Самұрық» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Қайрат Әйтекенов пен «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Жолдымұрат Аманбаев кірді.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, наурыздың 30-ында жағдай бойынша аймақта 1157 үйді су басқан, оның 536-сы қираған, 631 үй күрделі жөндеуге мұқтаж. Апат аумақтарынан 7406 адам көшірілген, 6007 адам қазіргі уақытта үйлеріне оралған, 882 адам туыстарының үйінде тұрып жатыр, 517 адам уақытша білім және мәдениет нысандарына жайғастырылған. Апат салдарынан 2475 ірі қара мал, 16 679 ұсақ мал, 556 жылқы қырылып қалды.