Сириялық археологтар бірегей еден мозаикасының фрагменттерін көрсетті
12:22, 24 Маусым 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириялық археологтер Рим дәуірінен қалған алып мозаиканың фрагменттерін жұртшылыққа көрсетті. Хомс провинциясында сирек кездесетін олжа табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Сириялық археологтер жұртшылыққа Рим дәуірінен қалған мозаикалық панноның фрагментін көрсетті. Ол Хомс провинциясындағы Аль-Растан қаласында жасалған.
Ғалымдардың пікірінше, мұндай өлшемдегі едендік панель (300 шаршы метр) сирек кездеседі. Артефакт грек мифологиясының кейіпкерлері: амазонкалар, су құдайы Посейдон және нимфаларды бейнелейтін мыңдаған түрлі-түсті мозаикалық фрагменттермен қапталған.Онда троялық соғысқа қатысқан билеушілердің есімдерін де көруге болады. Сонымен қатар, тақтада Гомердің «Илиада» ежелгі грек эпосының бір көрінісі – кентаврлар шайқасы бар.
Қазба жұмыстары әлі жалғасып жатыр, өйткені панноның жартысы әлі табылмаған.