Солтүстік Корея сотталғандарға рақымшылық жасайтынын жариялады

None
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея елдің марқұм болған көшбасшылары Ким Ир Сен мен Ким Чен Ирдің мерейтойлары құрметіне рақымшылық жасайтынын жариялады, деп хабарлады РБК. Бұл туралы шетелдік БАҚ мәлімдеген.

Жоғарғы Халық жиналысы төралқасының декретімен рақымшылық 2012 жылдың 1 ақпанынан жарияланады.

Рақымшылыққа сотталғандардың қаншасы және қай санаты жататыны хабарланбаған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Солтүстік Кореяда бүгінгі таңда 200-ден астам ерлер, әйелдер және балалар түрмеде отыр, олар қылмыстық істер бойынша емес, саяси  көзқарастары мен кінәлары үшін қапаста ұсталуда деп атап өтуде.