Солтүстік Осетияда бүгін - Аза тұту күні

None
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Солтүстік Осетияда қаралы күн - кеше Владикавказдағы Орталық базарда болған жарылыстың құрбандарын аза тұту күні, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

«Владиказказда қыркүйектің 9-ында болған және адам құрбандарына әкелген лаңкестік әрекетке байланысты, марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, қыркүйектің 10-ын - Солтүстік Осетия-Алания елінде Аза тұту күні деп жариялауға қаулы етемін», делінген республика президенті Таймураз Мамсуровтың жарлығында.

Бейсенбі күні Владикавказ орталық базарына кіреберісте мина қойылған көліктің жарылуы салдарынан 18 адам қаза болды, олардың ішінде жанкешті де бар және 137 адам зардап шекті.