Соңғы 7 жылда денсаулық сақтау саласына қарастырылған бюджет шығысы 5 есеге дерлік артты
14:46, 29 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанда соңғы 7 жылда денсаулық сақтау саласына мемлекеттік бюджеттен қарастырылған қаражат жыл сайын 13 пайызға артып келеді,
деп хабарлады pm.kz сайтынан.
2012 жылы мемлекеттік бюджеттен денсаулық сақтау саласына 732,3 млрд. теңге бөлу жоспарлануда. Ал 2011 жылы денсаулық сақтау бюджетіне 638,5 млрд. теңге қарастырылған, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 13,5 пайызға көп.
Соңғы 7 жылда денсаулық сақтау саласына қарастырылған бюджет шығысы 5 есеге дерлік артып отыр.