«Странджа» халықаралық турниріне баратын қазақстандық боксшылар анықталды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында 23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін бокстан «Странджа» халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы белгілі болды. 

Бұл жарыста еліміздің атынан ұлттық құрама сапында 39 спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында негізінен тәжірибелі былғары қолғап шеберлері және жастар бар. Ұлттық құраманың негізгі боксшылары бұл турнирден тыс қалып отыр.

Ерлер

50 келі: Даниал Сәбит, Бекзат Алдамжаров
55 келі: Тимур Қабдешов, Бағлан Кенжебек
60 келі: Бейбарыс Жексен, Руслан Күзеубаев
65 келі: Ертуған Зейнуллинов, Әбдікәрім Әбдіғалым, Илья Калинин
70 келі: Фарух Тоқтасынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
80 келі: Санжар-Али Бегалиев, Диас Молжігітов
85 келі: Сұлтанбек Айбарұлы, Бекзат Таңатар, Дәулет Төлемісов
90 келі: Нурмагамед Юсупов
90 келіден жоғары: Нұрлан Сапарбай, Даниал Сапарбай

Әйелдер

48 келі: Айгерім Сәттібаева, Анель Құдайберген
51 келі: Жазира Орақбаева, Анита Адишева
54 келі: Элина Базарова, Жайна Шекербекова, Анель Сақыш
57 келі: Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова
60 келі: Виктория Графеева, Римма Волосенко
65 келі: Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева
70 келі: Бақыт Сейдіш, Мадина Нұршаева
75 келі: Валентина Хальзова, Мария Сидоренко
80 келі: Надежда Рябец
80 келіден жоғары: Дина Исламбекова, Валерия Аксенова.

Қазірге дейін отандастарымыз турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншіледі. Онда Қазақстан құрамасы алғаш рет 1994 жылы бақ сынады. Онда 75 келіде Валерий Кузменцов күміс жүлде алған еді. 2005 жылы Серік Сәпиев (60 келі) еліміздің атынан алғашқы чемпион ретінде тіркелді. Ал әйелдер арасында Валентина Хальзова 2 мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілсе, ерлер арасында Ертуған Зейнуллиновтің қатарынан екінші мәрте чемпион атануға мүмкіндігі бар.

Өткен жылы Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді. Олар 6 алтын медальмен жалпы есепте бірінші орын алды.

Айта кетсек, бұдан бұрын бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің алдағы жоспары жөнінде айтып берді.