Сыр бойында жер заңдылықтарының сақталуына қатысты 45 тексеру жүргізілді
08:16, 02 Сәуір 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы жыл басынан бері өңірдегі жер заңдылықтарының сақталуына қатысты 45 тексерулер жүргізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жоспардан тыс жүзеге асырылған бұл тексерулердің 14-і - Қызылорда табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысы бойынша, 1-еуі - ұлттық қауіпсіздік комитетінің негізінде, 30-ы Тасбөгет кенті әкімдігінің сұраным хатына сәйкес жүргізілді. Осы тексерулер нәтижесінде 76 факті бойынша 35 тұлғаға 21 млн. 051,3 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды. Бүгінгі күні оның 18 млн. 804,6 мың теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді.
Аталмыш инспекция қазіргі таңда Қызылорда қаласы әкімдігі мен жер қатынастары бөліміне жоспарлы тексеру жүргізуге дайындық жұмыстарына кірісіп кетті.