Сыр өңірінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 4 млрд. 884 млн. 200 мың теңге қарастырылып отыр
09:35, 02 Сәуір 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - «Жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл өңірге инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 4 млрд. 884 млн. 200 мың теңге қаралған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл қаржыға барлығы 128 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Төрт бағыт бойынша жүргізілетін ауқымды шара барысында 5291 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген. Аталған төрт бағыт негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін дамыту, жергілікті маңыздағы жолдарды салу және жөндеу, мектептерді, ауруханаларды және өзге де әлеуметтік нысандарды жөндеу, сондай-ақ қалаларды, кенттерді және ауылдарды көркейту болып отыр.