Сырдария ауданында «Жастар тәжірибесіне» 24 млн. теңге бөлінді
11:42, 07 Сәуір 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Сырдария ауданында «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде «Жастар тәжірибесіне» 24 млн. теңге бөлініп, 182 жас маманды жұмыспен қамту көзделген,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы бағдарламаға сай 140 адам тіркеуге алынып, мамандықтары бойынша 6 ай мерзімге білім, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс жасауда. Сондай-ақ 5 жас маман тұрақты жұмысқа қабылданды.