Сырдария өзеніне машина батып кетіп, бір адам қаза тапты

None
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Сырдария өзеніне машина батып кетіп, бір адам қаза тапты, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Төтенше оқиға Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты «Әйтек» су құрылғысына тақау жерде, Сырдария өзенінде орын алған.

«УАЗ» көлігінің аударылуы салдарынан 17 жастағы жүргізуші өзенге батып кетті», делінген ведомство ақпаратында.

Жас жігіттің денесін өзеннен ҚР ТЖМ судан құтқару қызметінің мамандары алып шықты.