Сырдария өзенінен өтіп бара жатқан паромнан ішінде 6 адамы бар автокөлік суға құлап түсті - ТЖМ
08:41, 05 Сәуір 2010
АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарт - Түркістан қаласы Балтакөл ауылындағы Сырдария өзенінің екінші бетіне өтіп бара жатқан паромнан бір автокөлік суға құлап, батып кетті, құрбандар бар.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, сәуірдің өткен 3-і күні таңертенгі сағат 08.40-та өзеннің жағасынан 15 метрге алшақтаған паромнан ішінде 6 адамы бар «ВАЗ» машинасы құлап түскен.
Суға кеткен 4 адамның, оның ішінде 4 жастағы баланың мүрдесі жергілікті тұрғындардың күшімен шығарылды.
Қазіргі уақытта ОҚО бойынша суда-құтқару қызметі 4 жастағы тағы бір сәби мен көлік жүргізушісінің мәйіттерін іздестіру үстінде.