Таиландта тасқын салдарынан 800-ден астам адам қаза тапты

None
АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Таиланда болған тасқынның салдарынан 800-ден астам адам мерт болды.

Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлап отыр. Ресми түрде қаза тапқандардың саны 823-ке жетіп отыр. Сонымен бірге 3 адам жоғалып кеткен.

Алапат тасқын Бангкокқа жақын орналасқан 5 ауылды басып қалды.