Талдықорғанда облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз» АҚ арасында бас келісімге қол қойылды
С.Үмбетов мәлім еткеніндей, қазіргі уақытта Алматы облысын газдандыру деңгейі небәрі 5,7 пайызды құрайды, бұл республикадағы соңғы орындардың бірі. Осыған байланысты әкімдік «ҚазТрансГаз» АҚ-мен бірлесе отырып өңірді кең ауқымды газдандыру жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр. Келісім нәтижесінде «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырын салып, оны 2011 жылдан кешіктірмей пайдалануға беру, сөйтіп Іле және Талғар аудандарын 100 пайыз газдандыру; «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырынан Алматы облысының Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр және Панфилов аудандарына құбыр тармақтарын тартуды 2012 жылға дейін аяқтау, G-4 серіктес қаласына және Жаңа Іле ойын-сауық қаласына газ тарту; 2011 жылы «Іле ауданының 7 елді мекенін газдандыру» жобасын қаржыландыру сияқты және басқа да маңызды жобалар бар.