Талдықорғанда прокурорлар 22 кәсіпкердің құқығын қорғады
14:32, 20 Шілде 2023
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда прокурорлар 22 кәсіпкердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Талдықорған қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз ету сомасын уақытылы қайтармаған 22 кәсіпкердің құқығын қорғады.
«Атап айтқанда, Талдықорған қаласының әкімдігі мердігерлермен өз міндеттемелерін толық орындауына қарамастан, ұзақ уақыт бойы 22 мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшалай қаражатты қайтару бағытында шара кабылдамаған»,- делінген Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Прокурордың кадағалау актісінің негізінде жалпы сомасы 38 млн теңгеден астам ақшалай қаражат кәсіпкерлерге қайтарылды