Тараз қаласының Достық үйінде ҚХА-дан Мәжіліс депутаттығына кандидаттың ақпараттық-насихат тобымен кездесу өтті

None
ТАРАЗ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараз қаласының Достық үйінде ҚХА-дан ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидат Мұрат Ахмадиевтің ақпараттық-насихат тобының мүшелерімен кездесу өтті.  

Кандидаттың сенімді өкілі Абдусаттар Тұрдыбакиев Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне М. Ахмадиевті таныстырды. Ол М. Ахмадиевтің халық қалаулысы ретінде бұрын атқарған қызметін атап өтті.

Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстыра отырып, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына сайланғаннан кейін атқаратын міндеттерімен бөлісті.

М. Ахмадиевтің сөзіне қарағанда, мәдениет саласын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіп,  мемлекеттік нормативтерді ретке келтіру, ауылдарда мәдениет үйлерінің құрылыстарына қаражат бөлу, этномәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептері үшін заңдық базаны құру керек деп санайды.

Сондай-ақ кандидат Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңға толықтырылулар енгізу қажет деп есептейді.