Таразда ғасыр жасаған кейуанаға оның 102 жылдық туған күніне пәтер сыйға тартылды

None
ТАРАЗ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда ғасыр жасаған кейуанаға оның 102 жылдық туған күніне пәтер сыйға тартылды, деп хабарлады Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Рахила апа Нақыпова 1 қаңтар күні 102 жасқа толды. Оның отбасында екі баласы, 20 немересі, 40 шөбересі мен 4 неменесі бар.

Балаларының біреуінің иелігіндегі Тараз шетіндегі жеке тұрғын үйден Рахила апай облыс орталығының жаңа 13-ші шағын ауданындағы жаңа екі бөлмелі тұрмысқа жайлы пәтерге көшті.

 «Ғасыр жасаған кейуанаға жаңажылдық мерекелер қарсаңында тапсырылған жаңа 70 пәтерлі үйлердің бірінен пәтер берілді», - деп түсіндірді Тараз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Ақылбаев.

Өткен 2011 жыл бойынша Жамбыл облысында ардагерлер қатарынан барлығы 12 зейнеткер және Ұлы Отан соғысына қатысқан 19 адам жаңа пәтерлер алды, деп нақтылады баспасөз қызметінде.