Таразда қазақ тілін оқытудың «Тілашар» курстары ашылды
деп хабарлады Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.
Тараздағы тіл орталығының директоры Мәскеу Нокрабековтың айтуынша, арнайы екі айлық курс 200-ден астам тыңдаушыны қамтығалы отыр. Олар - ауызекі сөйлеуді үйреніп, сонымен бірге сөздік қорларын толтыруға ниеттенген үй шаруашылығындағы әйелдер, студенттер, мұғалімдер, медиктер, қарапайым жұмысшылар, т.б.
«Мемлекеттік тілді білу керек, бұл Қазақстандағы бүгінгі күннің талабы. Дегенмен, бюрократиялық әдістермен тілді үйрету қиындау, тілді үйренуге әрбір қазақстандықтың жеке талпынысы болуы тиіс. Оған қоса кез келген адам осындай курстарға келіп, мемлекеттік тілден өз білімін жетілдіре алатындай жағдай жасалуы керек. Менің ойымша, «Тілашар» курстары тараздықтардың арасында кең танымал болады», - дейді М.Нокрабеков.