Таразда ондаған азаматтарды алдаған алаяқ ұсталды

None
ТАРАЗ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараз қаласында 9 сыныптық білімі бар алаяқ бір жыл ішінде ондаған сенгіш адамдарды жер соқтырды, деп хабарлады Жамбыл облысының ІІД-де.

«Қазіргі кезде бұған дейін осындай айла-амалдар үшін сотталған мұнай және газ саласындағы ЖШС-нің жалған директоры тергеу абақтысында отыр және алаяқтықтың 30 жаңа дерегі бойынша мойындау түсініктемелерін беру үстінде», - деп түсіндірді ІІД-нің баспасөз қызметінде.

2010 жылдың аяғынан бастап ірі қазақстандық компанияның аймақтық бөлімшесі кеңсесінің қасында жұмысқа орналасу және тендерлер бойынша байқауларға қатысу үшін жеке тұлғалар мен ұсақ құрылыс серіктестіктерінен құралған кезектер тұрды.

Барлық рұқсат беретін құжаттары бар фирманың жетекшісі белгілі бір сомаға жұмыс тауып беруге уәде етті. «Адамдар ақшаны қандай да бір кепілдеме хаттар мен қолхаттарсыз берді, олар «биліктің жоғары эшелоны өкілінің жақын туысының» берген сөзіне сенген», - деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Алғашқы жәбірленген азаматтар полиция қызметіне тек 2011 жылдың көктемінде ғана келді, осыдан кейін  әрекетшіл «жұмыс беруші» қашып кетті. Тергеу жалғастырылып жатыр.

ҚР ҚК-нің 177 бабының 3 бөлімі (үлкен көлемдегі алаяқтық) бойынша ұсталған азамат мүлкін тәркілеумен бірге 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын өтейтін болады, деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде.