Таразда Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен бизнес форум өтеді

None
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Наурыздың 3-і күні Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен бизнес форум өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда «Самұрық-Қазына» қорының делегация өкілдері жиынға қатысушыларды кәсіпкерлік саласын қолдау бойынша аталмыш қор ұсынып отырған арнайы құралдармен таныстырады. Сондай-ақ олар кәсіпкерлікті қолдау құралдарының ерекшеліктерін түсіндіреді. Бұған қоса олар қор тобындағы жабдықтаушылар реестріне қосылу туралы көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап бермек. Сонымен қатар басқосуда даму институттары мен кәсіпкерлер арасындағы қалыптасқан мәселелер талқыланып, мүмкіндігінше оларды шешу жолдарын қарастыру жоспарланып отыр.