«Тату-Агро» шаруа қожалығы «Тату-Агро» томат шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр
08:22, 25 Ақпан 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық округінде өткен жылы өз жұмысын бастаған «Тату-Агро» шаруа қожалығы «Тату-Агро» томат шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жобаның құны 1 млрд. 300 млн. теңге. Өңдеу қондырғыларымен қатар осы салаға қатысты бірнеше техникалар АҚШ, Италиядан алынады. Сонда дала жұмысына 200, зауытқа 150 адам тартылатын болады.