Темекі қораптарындағы «жеңіл» немесе «жұмсақ» деген жазулар жойылады

None
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - АҚШ-та темекі компаниялары бұдан былай темекі қораптарындағы және олардың атауларындағы «жеңіл» немесе «жұмсақ» деген жазуларды пайдалануға құқылы емес,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.руға сілтеме жасап.

Биліктің пікірінше, мұндай анықтама кейбір темекілердің басқаларына қарағанда зияны аздау екенін білдіреді. Темекі компаниялары да қарап қалмады - жаңа тәртіпке қарсы күресудің тың тәсілін тапты. Сатып алушылардың таңдауына ықпал ету мақсатында енді олар «жеңіл» деп аталатын шылымдардың қораптарын жасау үшін ақшыл түсті реңкті және «жұмсақтарына» керісінше түсті пайдаланатын болды.