ТМД посткеңестік елдер ынтымақтастығының қажетті алаңы болып табылады - Мәскеудегі Достастықтың формальды емес саммиті

None
МӘСКЕУ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Достастық посткеңестік елдер арасындағы жаңа бірлестіктер үшін іргетас болды.

Бұл туралы Мәскеуде болып өткен ТМД мемлекет басшылары Кеңесі отырысының барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Кездесудің ашылуында РФ Президенті Дмитрий Медведев 20 жылдың ішінде Бірлестік дамудың қиын жолынан өткенін атап өтті. «Әр түрлі саяси жағдайы, жақын әрі басқаша мәдениеті бар елдер бір-бірін тек жақсы түсініп қана қоймай, ерікті түрде тең құқықты әрі пәрменді негізде тиімді қызмет ете алатынын дәлелдеді», - деп қосты ол.

Д.Медведев ТМД-ның посткеңестік кеңістіктегі тұрақтылықтың маңызды факторы, ығын-шығындардың бар болуына қарамастан, іс жүзінде беделді аймақтық бірлестік болғанын атап көрсетті.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Перзиденті алғашқы кезде ТМД КСРО-ның бұрынғы елдерінің нығаюына мүмкіндік беріп, мемлекетаралық жанжалдардың пайда болуына жол бермегенін атап өтті. Сондықтан ТМД-ны одан әрі де жетілдіру қажет.

ҚР Президенті Шарт шеңберінде еркін сауда аймағы бойынша қарым-қатынастарды дамыту қажеттілігіне ерекше тоқталып, енді елдерге оны барынша жедел бекіту керектігін атап өтті.

Н.Назарбаев Достастықтың посткеңестік елдер арасындағы қазіргі кезде де белсенді дамып жатқан жаңа құрылымдардың іргетасы болғанын атап өтті. Олардың арасында ЕурАзЭқ, Кедендік Одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік бар. «ТМД-ның мағынасы осында. Біз бұл барлығына тиімді әрі пайдалы, бұл ынтымақстастықтың егеменді, тәуелсіз екендігін көрсетуіміз керек. Сонда біз басқа елдерді де қызықтыра аламыз», - деді Мемлекет басшысы.

ТМД отырысына Армения, Әзірбайжан, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украинаның президенттері, Молдова мен Түрікменстан жоғары деңгейінің өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің басшылығы қатысты.