ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің IV Вена экономикалық форумы өтеді
09:54, 01 Сәуір 2010
МӘСКЕУ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Сәуірдің 28-і мен 30-ы аралығында Венада «Инновациялар және инвестициялар: қаржы институттарының Достастық елдері экономикаларының дамуындағы ролі» деген тақырыпты арқау еткен ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің IV Вена экономикалық форумы өтеді.
Бұл туралы Достастықтың Қаржылық-банк кеңесінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жыл сайын өтетін бұл дәстүрлі форумда Еуроодақ пен ТМД қаржы институттары тәжірибе және ой-пікір алмасады. Австрия елордасында халықаралық қаржы ұйымдарының, коммерциялық банктердің, инвестициялық/венчурлық қорлардың, ұлттық даму институттарының, заңнамалық және атқарушы билік органдарының өкілдері қатысады.
Форумды ТМД Атқарушы комитетінің қолдауымен Достастықтың Қаржылық-банк кеңесі ұйымдастырып отыр.