Төбелесте «жеңімпаз» 75 жастағы павлодарлық азаматқа 75 мың теңге айыппұл салынды

None
ПАВЛОДАР. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар әкімшілік соты 1935 жылы туған зейнеткерге қатысты істі қарады, деп хабарлады оның баспасөз қызметі.

Туындаған ұрыс кезінде егде жастағы адам өзінің зейнеткер көршісімен төбелесіп, сарапшының қорытындысы бойынша, оның «денсаулығына жеңіл зиян» келтірді.

Ақсақалдарды полицияның учаскелік инспекторы арашалады.

Сот егде жастағы азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған мемлекет кірісіне 75,6 мың теңге көлемінде айыппұл салды.