Токиода Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы Қазақстан мен Жапония үкіметтерінің арасындағы келісімге қол қойылды

None
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Токиода Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ақылбек Камалдинов пен Жапония Сыртқы істер министрі Кацуя Окада ҚР Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол койды.

Аталмыш Келісім 2008 жылғы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жапонияға жасаған ресми сапары мен 2006 жылғы Жапония Премьер-министрі Д.Коидзумидың Қазақстанға жасаған сапары барысында қол жеткізілген жоғары денгейдегі уағдаластықтар нәтижесі болып табылады.

Келісім екі ел арасындағы атом энергиясы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған негізгі құжат болып табылады және Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға қызмет ететін болады.