Тойдағы ұрыс-керістің соңы кісі өлімімен аяқталып, қылмыскер тоғыз жылға сотталды

None
ОРАЛ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен И.Жұбанышәлиев ҚР ҚК 96-бабы 1-бөліміне сәйкес (кісі өлтіру) тоғыз жылға бас бостандығынан айрылды,

үкім күшіне енгеннен кейін ол жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс прокуратурасынан түскен мәліметке сілтеме жасап.

Сот барысында анықталғанындай, Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында өткен жылғы қарашаның 1-інде С.Таскеновтің үйлену тойында болған кезде И.Жұбанышәлиев қаладан келген Н.Тасымовпен сөзге келіп қалады. Сосын үйінен бір емес, екі пышақ алып келіп, Н.Тасымовтың кеуде тұсынан ұрып, ол сол жерде қаза табады.