Трамп: Армения мен Әзербайжан бейбіт келісімге келуге жақын

Фото: Anadolu Ajansı

АСТАНА. KAZINFORM – Дональд Трамп Армения мен Әзербайжан арасында бейбіт келісім аяқталуға таяу екенін мәлім етті. Бұл мәлімдемені ол Ақ үйде сенаторлармен болған кешкі ас барысында жасады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

-Армения, Әзербайжан... біз онда керемет жетістікке жеттік. Ойлаған іс аяғына жетуге таяу, тіпті бітті десек те болады,-деді ол бейбіт келісім туралы сөз қозғай келе.

Аталған мәлімдеме Ереван мен Баку арасындағы екіжақты диалогтың белсенді жүргізіле бастаған және өзара сенімді нығайту жұмыстары аясында жасалды.

Бұдан бұрынырақ 10 шілде күні Әбу-Дабиде Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев арасында келіссөздер жүргізілді.

Көшбасшылар екіжақты тікелей диалогтың бейбіт реттеумен байланысты барлық мәселелерді талқылау үшін тиімді формат болып қала беретінін растады.

Осыған дейін Никол Пашинян Әзербайжанмен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдегені туралы жаздық.