Трамп NASA басшысы лауазымына миллиардер Айзекманды қайта ұсынды

Фото: ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) басшысы қызметіне миллиардер және ғарыш турист Джаред Айзекман кандидатурасын қайта ұсынды, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

- Бүгін кешке мен табысты бизнесмен, филантроп, ұшқыш және астронавт Джаред Айзекманды NASA директоры қызметіне кандидат ретінде ұсынып отырғаныма қуаныштымын. Джаредтің ғарышқа деген құштарлығы, астронавт ретіндегі тәжірибесі және зерттеу шекараларын кеңейтуге, ғалам құпияларын ашуға және жаңа ғарыш экономикасын дамытуға деген ұмтылысы оны NASA үшін жаңа дәуірді бастауға тамаша кандидат етіп отыр, - деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Трамп сонымен қатар агенттіктің директоры міндетін атқарушы, көлік министрі Шон Даффидің «ерекше жұмыс атқарғанын» атап өтті.

Джаред Айзекман 2024 жылдың қыркүйегінде өткен алғашқы коммерциялық ғарыштық миссия Polaris Dawn-ға қатысқанымен танымал. Ұшу кезінде ол Crew Dragon экипажын басқарды және инженер Сара Джиллиспен бірге кәсіби емес ғарышкерлердің ғарышқа алғашқы шығуын орындады. Айзекман – Илон Маскқа тиесілі SpaceX компаниясының серіктесі.

Трамп бұған дейін Айзекманды NASA басшысы лауазымына ұсынған болатын. 30 сәуірде АҚШ Сенатының Сауда, ғылым және көлік комитеті оны бекітуді кеңес етті, ал Конгрестің жоғарғы палатасында дауыс беру маусымға жоспарланған болатын. Алайда 31 мамырда президент бұл ұсынысты қайтарып алып, жаңа кандидат ұсынатынын мәлімдеді. Америкалық БАҚ сол кезде Айзекманды Илон Масктың қолшоқпары деп атады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маск Грокипедияның іске қосылғанын жариялады.