«Туризм.Сауықтыру.Саяхат-2010» туристік жәрмеңке өз жұмысын бастады - Көкшетау
11:19, 07 Сәуір 2010
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Көкшетау қаласындағы Бурабай қысқы спорт сарайында «Туризм. Сауықтыру. Саяхат-2010» халықаралық туристік жәрмеңке өз жұмысын бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үш күндік жәрмеңкеге еліміздің әр түкпірінен туристік мекемелер, Ресей Федерациясының туристік компаниялары мен сауықтыру орталықтарының өкілдері қатысуда. Іс-шара аясында турагенттік және туроператорлық қызмет, шипажай-сауықтыру демалысы, емдеу-алдын алу шаралары, экологиялық туризм, мейманханалық қызмет, автобустық-саяхаттық тур, туризм кадрларын дайындау, қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі, жарнамалық қызмет қарастырылатын болады. Айтулы жәрмеңке туристік ағымдарды тұрақтандыруға және арнасын кеңейтуге мүмкіндік бермек. Соған орай сан алуан байқаулар өткізіліп, тиісті құрылымдар өзара ынтымақты іс-қимыл танытуға бағытталған келісімшарттар жасайтын болады.