Түркітілдес елдер кәсіпкерлері ортақ Сауда-өнеркәсіп палатасын құруы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат  Түркітілдес елдер кәсіпкерлері ортақ Сауда-өнеркәсіп палатасын құруы мүмкін. Бұл жайында бүгін елордада өтіп  жатқан Түркітілдес мемлекеттер іскерлік кеңесінің 5-отырысы барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бүгінгі шарашамызды қазақстандық-түркиялық бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасын құру туралы меморандумға қол қоюмен бастадық. Осынау бірлескен палатаға әріптестеріміздің де қосылатындығына сенімдімін. Біз осында өкілдері отырған барлық елдердің бірлескен палатасын құра алар едік. Әзербайжан мен Қырғызстандағы әріптестеріміз қосылса, біз бірлесе жұмыс істейтін бірыңғай платформа жасар едік»,-  деді Абылай Мырзахметов.
 

Басқарма төрағасы өз сөзінде кедергілерді төмендетуге және жүктерді жедел өткізуге бағытталған кедендік әкімшілеудегі өзгерістер, сонымен қатар түркі елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын жақсартуға көздейтін жаңашылдықтар жайында айтып берді.
 

Айта кетерлігі, отырыс басталар алдында тілшілерге сұxбат берген  "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев жақын арада Түркітілдес мемлекеттердің іскерлік кеңесіне Өзбекстан да кіреді деп жоспарланғанын айтқан еді.