ТЖМ басшысы ведомство Шығыс Қазақстандағы су тасқынына әзір болмады деген ақпаратты жоққа шығарды

None
ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко ведомство Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынына әзір болмады деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ол бүгін ШҚО-дағы ТЖ бойынша облыстық штаб отырысында айтты.

«Аракідік біздің әзір болмағанымыз туралы ақпараттар көрініп қалады. Біз бұдан көп уақыт бұрын бүкіл ел бойынша тиісті жаттығулар өткіздік, - деді В.Божко. - Қазір жайбарақаттыққа салынуға әлі ерте, бірқатар аудандарда әлі мол қар жатыр. Біз соған дайын болуымыз қажет».

Облыстың көп бөлігінде су тасқыны енді осы айдың басында басталуы күтілуде, деп атап өтті министр.

Осыған байланысты аймаққа ТЖМ күштері, арнайы техника, құтқару бөлімшелері, жедел-құтқару жасақтары және азаматтық қорғаныс полкының 350 адамы жұмылдырылады.