Үкімет басшысы «Нұр Отан» партиясынан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ын қосымша қаржыландыруға қолдау білдіруді сұрады

None
СТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов партия фракциясынан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ын 60 млрд. теңгеге қосымша қаржыландыруды қолдауларын сұрады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бюджеттен қосымша 60 млрд. теңгеге қаржыландырылады. Бұндағы қаражаттың басым бөлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, теміржол құрылысына, газ құбырларын салуға және басқа да инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалады. Бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына ашықтықты қамтамасыз етудің маңыздылығын бағалау қиын. Біздің Дағдарысқа қарсы бағдарлама жөніндегі тәжірибеміз бұны нақтылай түседі. Сондықтан да, бұл бағыттағы жұмыстарды республикалық және өңірлік деңгейде жалғастыра түскен орынды деп білемін», деді К. Мәсімов.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы Мемлекет басшысының арқасында «Нұр Отан» партиясына халықтың қолдауы жоғары екендігін айта келе, бұл тұрғыда партияның өңірлік және ресурстарды жұмылдыру жұмысында әсері зор болатындығын атап өтті.