Үкімет Қаулысымен Ақпарат және байланыс вице-министрлері тағайындалды
16:06, 30 Наурыз 2010
СТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Ақпарат және байланыс министрі Асқар Жұмағалиев бүгін мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының бірінші басшыларына Үкіметтің наурыздың 30-ындағы қаулысымен тағайындалған жаңа вице-министрлерін таныстырды.
Ақпарат вице-министрі қызметіне Нұрай Оразов, ал байланыс жөніндегі вице-министр болып Сәкен Сәрсенов тағайындалды.