Үкімет отырысында 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы талқыланады

None
СТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада, Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезекті мәжілісі өтеді.

Мәжілісте 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары қаралады.